Қазақстандық әскерилер Оңтүстік Кореяда өтетін Бүкіләлемдік армия ойындарына дайындалуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық әскерилер Оңтүстік Кореяда өтетін Бүкіләлемдік армия ойындарына дайындалуда

28.09.2015
 Қазақстандық әскерилер Оңтүстік Кореяда өтетін Бүкіләлемдік армия ойындарына  дайындалуда

Армия спортшылары спорттың 10 түрінен, яғни, еркін күрес, спорттық бағдарлау, дзюдо, жүзу, грек-рим күресі, оқ ату, әскери бессайыс, таэквондо, жеңіл атлетика, бокстан өнер көрсетеді.

Қазақстан Қарулы Күштерінің намысын АОСК-ның 60-қа жуық спортшысы қорғайтын болады. Олардың арасында көптеген танымал спортшылар бар.

Олар: Алматы қаласында өткен 2014 жылғы бокстан 55-ші әлем чемпионатының чемпионы қатардағы жауынгер Елдос Сарқұлов, таэквондошы Нұрсұлтан Мамаев, грек-рим күресінен әлем чемпионы қатардағы жауынгер Бағлан Жақанша, дзюдошы қатардағы жауынгер Гусман Қырғызбаев және басқалар.

6-шы Дүниежүзілік армия ойындарына әлемнің 120 елінен 8,5 мың адамы қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, әскери қызметшілер арасындағы бесінші жазғы Бүкіләлемдік армия ойындары 2011 жылы Рио-де-Жанейрода өтті.

Спорттың  баскетбол, бокс, дзюдо, жеңіл атлетика, парашюттік спорт, жүзу, таэквондо, триатлон сияқты түрлерінен өткен бәсекеге 52 спортшыдан құралған Қазақстан Қарулы Күштерінің құрама командасы да қатысты.

 

Хабарламаларға жазылу