«...Әбділда шығармаларының негізгі үлгісі, жанры – поэзия. Бұл жанрдың ішінде айқын ерекшелігі – оның сыршыл лирик ақын болуында.
Әбділда тек қазақ тарихының көлемінен ғана тақырып алмайды. Қазақ поэзиясына ол кіргізген интернационалдық ақындық мәдениет, іздену өрнектері де бар. Қазақ оқушысына Гейненің, Шевченконың, Пушкиннің, Лермонтов шығармаларының нәр-нақыстарын әкеледі...» Мұхтар Әуезов.
Ұлы жазушы ұлы ақынға осылайша баға берген. Әбділда Тәжібаев – қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі.
Ақынның әкесі Тәжібай 1915 жылы қайтыс болады да, ол шешесі Айманкүлдің қолында қалады. Жағдайына байланысты анасы алты жасар Әбділданы қала сыртындағы Қараөзек деген жерде тұратын төркініне алып кетеді.
Содан болашақ ақын он үш жасына дейін шешесі Айманкүл мен нағашы атасы Далдабайдың тәрбиесінде өседі. Жас Әбділданың өлеңге, әдебиетке деген құштарлығын оятқан да өз анасы мен нағашы атасы еді.
Бүгін 14:25-те «Жарқын бейне» хабарынан ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы толығырақ біле аласыздар.