Қандай мемлекеттің Қарулы күштерінде болмасын әскердің басқа түрлеріне қарағанда Құрлықтағы әскерлердің саны басым. Жалпы, Жаяу әскер деп аталатын Құрлықтағы әскерлер Қарулы күштердің 75-80 пайызын құрайды.
Әлемдік мұхиттардан алшақ жатқан Қазақстан Қарулы күштерінің негізгі қуаты – Құрлықтағы әскерлерде. Кез келген қарулы қақтығыс Құрлықтағы әскерлердің қатысуынсыз өтпейді.
Биылғы жылдың айтулы оқиғаларының бірі «Айбалта-2015» жарысы. Бұл жолғы жаттығу басқа жаттығулардан қойылған міндеттер, маневр жағынан, оған қатысатын адамдар мен техникалар жағынан өзгеше болды.
«Айбалта – 2015» жаттығуының тағы бір ерекшелігі – оның екі жақты өткізілуінде. Жаттығу басталмастан екі ай бұрын жауынгерлердің ішінен 500 адам арнайы тапсырма алып, террористердің рөлін атқаруға кеткен.
Жарыс қалай өтті? Қанша әскер қатысты? Ерекшеліктері қандай? Мақсаты не? бүгін 09:00-де «Ақсауыт» әскери-патриоттық бағдарламасынан көріңіз.