«Сенбілік таң» - Қапаш Құлышеваның шаңырағында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік таң» - Қапаш Құлышеваның шаңырағында

26.09.2015
«Сенбілік таң» - Қапаш Құлышеваның шаңырағында

Қапаш Құлышева – Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, есімі елге кең тараған  әнші. Жарты ғасырға жуық уақыттан бері қазақ сахнасында дәстүрлі  ән өнерін дәріптеп келе жатқан дара талант иесі.

Небәрі 16 жасында  ару қала Алматыға келген ол сол кездегі эстрадалық цирк студиясына оқуға түседі. Қазақстанның Халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің шәкірті атанады.

Қапаш Құлышеваның  репертуарында батыстың ән мектебінен бөлек, Мұхиттың «Паң көйлегі», арқаның «Сұлу көркем», «Көкшетау», «Тау ішінде» секілді 150-ге жуық ән бар.  1979 жылы қазақтың халық әндерін кеңінен орындағаны үшін Қазақстанның Еңбек сіңген әртісі атағына ие болған.

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 09:00-де «Сенбілік таң» отбасылық бағдарламасын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу