«Балапан» телеарнасы 5 жылдық мерейтойы қарсаңында ата-аналар арасында ертегі байқауын жариялады. Сайыс маусым айының 9-нан бастап тамыздың 24-не дейін жалғасты.
Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық ертегі келді. Үздік 30 туынды 120 беттік ертегілер жинағына енді.
Сондай-ақ, үздік ертегі желісі бойынша қойылым түсіріліп, телевизиялық нұсқада кішкентай көрерменге жол тартады.
Ертегі жазған ең кішкентай автор - Берік Алтынай Айбекқызы. Ол -Қызылорда қаласы №212 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы. Алтынайдың «Ұқпасқа айтқан сөз жетім» ертегісі жинаққа енді.
«Менің ғажайып ертегім» кітабына енген ертегілер:
«Құйғыт, қане, тұлпарым!» - Сұлтан Қалиұлы
«Ерқазақ» - Асхат Өмірбаев
«Еркеш пен Тигли-Мигли» - Әйгерім Өтегенова
«Бақаға құйрық неге керек?» - Кәдірбек Сегізбайұлы
«Шындық - сиқырдан күшті» - Рүстем Сауытбай
«Айлакер аңшы» - Рахат Қосбармақ
«Ақылды тышқан» - Толқын Ахметжанова
«Бөлек қалай бой түзеді?» - Шәкен Күмісбайұлы
«Домбыраның киесі» - Кеңес Оразбекұлы
«Ер тұлғалы Сақ батырдың тұлпары» - Маркиза Базарбайқызы
«Айсәуленің ойыншықтары» - Әсел Натбаева
«Ақтөс пен Марғау» - Әлмира Балғабаева
«Жылдың төрт мезгілі» - Анар Көлбаева
«Шөже қыз» - Русель Жұмағалиева
«Сенімді дос» - Шолпан Оразханқызы
«Аралдағы айдаһар» - Толыбай Аблаев
«Гүлдер патшалығы» - Қарлығаш Тілеубекова
«Тойымсыз түлкі» - Наурызбек Иманов
«Бірліктің әуені» - Гүлжанар Әбдіқұлова
«Екі мысықтың жеңісі» - Дариға Мұңалбаева
«Ұқпасқа айтқан сөз жетім» - Алтынай Берік
«Сиқырлы қалам» - Зарина Ерғалиева
«Елік-ене» - Баян Тіленшина
«Жыл басы қалай анықталды?» - Кеңес Оразбекұлы
«Ұйқышыл қораз» - Дариға Мұңалбаева
«Бақыт құсы» - Сұлтан Қалиұлы
«Киелі құлан» - Ранай Сатаева
«Айдаһарды жеңген сұлу» - Маркиза Базарбайқызы
«Алмас балта» - Мәдина Жақып
«Шырша мен терек» - Теңге Бекмырзаева