Дүбірлі бәсекеге еліміздің 7 облысынан және Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 31 палуан қатысты.
Нәтижесінде қызылордалық Руслан Әбдіразақ чемпион атанып, Nissan Рatrol женіл автокөлігін иеленді. 2-орынды карағандылық Ержан Шынкеев алса, 3-орынды Алматы қаласының палуаны Арслан Абдамит еншіледі.
4-орын Өзбекстан палуаны Мухсин Хисамиддиновке бұйырды. Сондай-ақ, көрермен көзайымы аталымын Грузия елінің палуаны Левани Матеа Швили иеленіп, оған 500 мың теңгенің сертификаты табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.