Би-Би-Си-дің хабарлауынша, аталмыш жоспарға Орталық Еуропа елдері, атап айтқанда, Чехия, Словакия, Румыния және Венгрия қарсы дауыс берді. Финляндия қалыс қалды.
Мақұлданған жоспарға сәйкес, Еуропа Одағының барлық мемлекеттеріне 120 мың босқын оналастырылады. Әр мемлекет босқындарды өзіне бөлінген квота бойынша қабылдайды.
БҰҰ-ның мәліметтерінше, биылғы жылы Еуропа елдеріне келушілер саны 300 мыңнан асқан.