«Жібек жолы» автошеруі Қытайдың Шанхай қаласынан шықты. 2017 жылы «EXPO-2017» көрмесі өтетін Астана қаласының үстінен өтіп, қазіргі уақытта көрме өтіп жатқан Италияның Милан қаласына барады. Мақсат - осы үш қаланы біріктіру», дейді автошеруді ұйымдастыру комитетінің атқарушы директоры Фу Цзянь.
«EXPO-2017» көрмесі - барлық қазақ үшін үлкен мақтаныш. Қайда жүрсек те, біз осы істе күш біріктіріп, атсалысуымыз керек. Шерудің Қазақ елі арқылы арқылы өтетінін білгенде, көмектессем деген ұсынысымды білдірдім», дейді автошеру режиссері Жанар Сағат.
Керуеннің халықаралық ынтымақтастықты арттырудағы рөлі қандай? «Таңшолпаннан» біліңіз.