26-29 қыркүйекте Қазақстан Президенті БҰҰ Бас ассамблеясының Нью-Йоркте өтетін мерейтойлық 70-сессиясына қатысу үшін ұйымның Бас хатшысы Пан Ги Мунның шақыруымен Америка Құрама Штаттарына барады, деп хабарлады ҚР Президентінің ресми сайты.
Елбасы Бас ассамблеяның Жалпы дебатында баяндама жасап, БҰҰ Мыңжылдық даму мақсаттарын жүзеге асыру және Орнықты дамудың 2030 жылға дейінгі мақсаттарын қарастыру жөніндегі саммитке, сондай-ақ, Зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизммен күрес жөніндегі саммитке қатысады, деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар Бас ассамблея аясында бірқатар мемлекеттер мен үкіметтер басшыларымен келіссөздер жүргізу көзделуде. Американың JP Morgan, Guggenheim, Chevron, Microsoft және басқа ірі компаниялары өкілдерімен кездесу өткізу де жоспарланған.