Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның өкілімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның өкілімен кездесті

19.10.2015
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның өкілімен кездесті

«Қазақстан аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде елеулі рөл атқарып, гуманитарлық саладағы халықаралық ынтымақтастықты едәуір ұлғайтты. Ол Ауғанстан, Сирия, Пәкістан, Орталық Азия елдері және өзге бірқатар мемлекеттерге көмек беруде көрініс тапты», - деді спикер.

Сондай-ақ, ядролық қаруды таратпауға әрі халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға зор үлес қосқан мемлекет қайраткері ретінде шетелдерде жақсы білетін Елбасының көшбасшылық рөлін атап өтті.  Өз кезегінде Абдулла Аль-Матук БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның ізгі тілектерін жеткізді.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу