Ақтауда бірінші халықаралық мейманханалар форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда бірінші халықаралық мейманханалар форумы басталды

16.09.2015
Ақтауда бірінші халықаралық мейманханалар форумы басталды

Халықаралық басқосу Маңғыстау облысының туризм басқармасының қолдауымен  ұйымдастырылуда.     

«Кәсіби алаң іспеттес болып табылатын  мейманханалар форумы 16-17 қыркүйекте екі күн қатарынан өтеді. Осы уақыт аралығында қазақстандық және шетелдік сарапшылар, мемлекеттік органдардың өкілдері, мейменханалық нарықтың қатысушылары, отельерлердің экономиканың күрделі кезеңге тап болған кездегі іс-әрекеттерін, мейманханалық бизнесті дамуға ынтыландырудың тетіктерін, осы саладағы қызмет сапасын арттыру сияқты аталмыш бизнес түрімен байланысты өзге де мәселелерді талқыға салады»,-деді Маңғыстау облыстық туризм басқармасының жетекшісі Гүлжан Байжауынова.    

Оның сөзінше, Германия, Венгрия, Франция, Түркия, Ресей, Әзірбайжан елдерінен келген сарапшылар мен жергілікті мамандар Қазақстан мен Орталық Азияда мейманханалық бизнесті дамытудың кеңестерін дайындайды. 

Бағдарламада пленарлық мәжілістер мен пікірталас алаңдары, шеберлік-сабақтарын ұйымдастыру жоспарланған. Форум қонақтары осындағы бірқатар білім ошақтарындағы мейманханалық бизнеске үйрету тәжіибесімен танысып, бірқатар нысандарды аралайды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

 

 

Хабарламаларға жазылу