Көрерменге бірі түрлі жануардың дауысын салып танылса, екіншісі әженің рөлін сомдап танылды.
Екеуін де халық жылы қабылдайды, екеуінің де өнерін жоғары бағалайды. Себебі, олар қарапайым халықтың басында бар жағдайды көрсетеді.
«Әзіл әлемі» театрының әртістері Ерболат Төлегенов пен Аманғали Сыпабеков бүгін 23:40-та Нұрлан Қоянбаевтың «Түнгі студиясында» қонақта.
Әзіл-қалжыңның түбін түсіретін актерлер тосыннан қойылған сұраққа қалай жауап берер екен? Бүгін Ұлттық арнамен бірге көріңіз.