Бұл туралы АҚШ Ұлттық Олимпиада комитетінің (USOC) ресми сайтына сілтеме жасаған eurosport.ru хабарлады, деп жазады egemen.kz.
Лос-Анджелес бұған дейін екі мәрте, яғни, 1932 және 1984 жылдары аталған Ойындарды қабылдады. Егер осы жолы да дүбірлі доданы ұйымдастыру құқығын жеңіп алса, Лос-Анджелес үш рет Олимпиада өткен екінші қала ретінде тіркеледі. Әзірге мұндай жетістікпен тек Ұлыбританияның астанасы – Лондон қаласы ғана мақтана алады.
Айта кетейік, алғашында АҚШ-тың Бостон қаласы үміткерлердің қатарында болған. Кейін аталған қала басшылығы өз өтінімдерін кері қайтарып алды. Ал соңғы күндері оның орнын Лос-Анджелес басты. Сонымен қатар, 2024 жылғы Олимпиаданы өткізуден мына қалалар үмітті: Гамбург (Германия), Рим (Италия), Париж (Франция) және Будапешт (Венгрия).
Олимпиада астанасы 2017 жылы 15 қыркүйекте Лима қаласында (Перу) өтетін ХОК-тің 130-сессиясында анықталады. Ал оған дейінгі 2016 және 2020 жылғы жазғы Олимпиадалар тиісінше Рио-де-Жанейро (Бразилия) мен Токиода (Жапония) өткізіледі.
Ақтауда бірінші халықаралық мейманханалар форумы басталды