«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы қазан айынан бастап, «Көңілашар» атты жаңа бағдарлама ұсынады. Ойын-сауықтық бағыттағы тележобаның жүргізушісі - танымал әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов.
Мақсат - көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлай отырып, ел болашағы мен адами құндылықтарға қатысты ой тастау.
Хабардың тұсаукесері 5 қазанда!