Кездесу барысында Өскеменде кәсіби футбол академиясын құру жөніндегі меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz.
Испаниялық «Реал Мадрид» футбол клубының тәжірибесі негізінде жұмыс істейтін академияда бастапқыда 12-15 жас аралығындағы 100 бала оқып, футбол негіздерін үйренеді. «Кейіннен тәлімгерлердің санын 200-ге дейін жеткізуге болады», дейді мамандар.
Облыстық Денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Елдос Чикеновтың айтуынша 100 бала жас ерекшелігіне қарай төрт топқа бөлініп, командалармен жеке бапкерлер, сонымен қатар, физикалық дайындық жөніндегі жаттықтырушылар жұмыс жүргізеді. Ең бастысы, мамандардың барлығы Испаниядан келеді.
12-15 жас аралығындағы балаларды іріктеу жұмыстары алдағы қазан айында басталмақ.