Ресейлік ғалымдар мәңгілік жас болудың құпиясын тапқалы отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейлік ғалымдар мәңгілік жас болудың құпиясын тапқалы отыр

15.09.2015
Ресейлік ғалымдар мәңгілік жас болудың құпиясын тапқалы отыр

Бұл туралы Ресейдің, медицина ғылымдарының кандидаты, эпидемиолог-дәрігер Виктор Чернявский мәлім етті.  

Оның сөзінше, Якутиияда табылған Юкагирлік мамонттың мәңгілік мұздықтарда қатып қалған миынан осындай жағдайда өмір сүруге қабілетті аэробты бактериялар табылған.  Аталған организмдерге жүргізілген зертханалық зертеулердің нәтижесінде олардың жануарлардың өмір сапсын артыратындығы анықталды.

Зерттеуге алынған жануарлар организмдері пробатикалық қоспаларды қабылдағаннан кейін олардың өмір сүруге деген белсенділіктері артқан және олар әдбен қартайған шағында да тұқым таратуға қауқарлы болады.

Ғалымдар анықтаған организмдер 20-40 мың жыл бұрын дүниеге келген және олар суыққа өте төзімді, деп хабарлайды Ресейдің tass.ru агенттігі.

Аталған организмдердің зертеу жұмыстарын Ресейдің Новосибирск, Екатеринбург қалалары мен Якутия ғалымдары жүргізуде.   

 

Хабарламаларға жазылу