Өңірлік сайлау комиссиясының мәліметтерінше, барлық учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларын реттеу шараларының нәтижесі осыны көрсетті, деп хабарлайды www.rg.ru.
71 жасар Аман Төлеев «Единая Россия» партиясының атынан сайлауға түсіп отырған кандидат және ол өзінің осыған дейінгі рекордын жаңартты. 1997 жылғы сайлауда ол 95 пайызға жуық дауыс жинаған болатын.
Губернаторлық үшін болған саяси додаға тағы 4 кадидат қатысты. Олардың арасында ЛДПР фракциясы төрағасының орынбасары, 32 жасар Алексей Диденко ғана 1 пайыздан астам дауыс жинай алды. Оған сайлаушылардың 1,78 пайызы дауыс берді. Өзге 3 кандидат сайлаушылардың дауыстарының 1 пайызын да ала алмады.
Кемеров облысында сайлуға қатысушылар саны рекордтық 92,13 пайыз болды. Сайлауға барлығы 2,1 миллион адам қатысты, оның 2,7 миллионы өңір тұрғындары.