13 қыркүйек - Байкал көлінің күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

13 қыркүйек - Байкал көлінің күні

13.09.2015
13 қыркүйек - Байкал көлінің күні

Байкал көлінің күні 1999 жылы бекітіліп, жыл сайын тамыз айының соңғы жексенбісінде аталып өтетін.

2008 жылдан бастап, Иркутск облысының  Заң шығарушылық Жиналысының шешімімен мерекені атап өту қыркүйек айының екінші жексенбісіне ауыстырылды.

Атаулы күнге орай бірнеше жылдан бері әлем бойынша жалпықоғамдық акциялар, ғылыми, мәдени, спорттық шаралар, экологиялық сенбіліктер ұйымдастырылып келеді.

Байкал - әлемдегі ең терең көл. Оның орташа тереңдігі 730 метрді құрайды, ал, ең белгілі тереңдігі - 1637 метр.

Ғалымдар көлдің су қоры 20-25 миллион жылға жетеді деп болжауда.  Байкал маңы елді мекендерінің тұрғындары көл суын тұрмыстық қажеттіліктер және ас дайындау үшін пайдаланады.

1996 жылы Байкал көлі ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді.  

Хабарламаларға жазылу