Мұрат Мірәлиев: Еліміз бейбіт күн кешсе, мені де бақытты деп есептеңіздер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұрат Мірәлиев: Еліміз бейбіт күн кешсе, мені де бақытты деп есептеңіздер

10.09.2015
Мұрат Мірәлиев: Еліміз бейбіт күн кешсе, мені де бақытты деп есептеңіздер

Шымкент қаласының тұрғыны, І топтағы мүгедек Мұрат Мірәлиев таңнан кешке дейін жеке көлігімен такси қызметін атқарады. Ол 2 жасында балаларда жиі кездесетін сал ауруына шалдыққан. Дегенмен, жігері жасымай, өмірге оң көзбен қарады.

Бүгінде жары Наташамен екі ұл және бір қыз тәрбиелеп отыр.

«Мен әрқашан отбасыммен біргемін. Әрбір күнім жанұяма, Отаныма арналады. Еліміз тыныш болып, бейбіт күн кешсе, мені де бақытты деп есептеңіздер», дейді.

Мұраттың үлкен ұлы Александр аспаз, екінші ұлы Сұлтан спортпен шұғылданады. Ал, қызы Диана Шымкент циркінің ең кішкентай әртісі.

Бала-шағасын маңдай терімен тапқан адал нәпақасымен асырап отырған азамат туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу