63 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Фаина Сиванбаева қоссайыс бойынша 229 (103+130) келі көтеріп, жарыстың қола медалін еншіледі. Ал, бұл сайыста 240 (105+135) келі көтерген қытайлық Жу Веню жеңіске жетсе, екінші орынға 233 (103+130) келі көтерген таиландтық Сирикаев Пимсири тұрақтады.
Осы күні жарыс алаңына шыққан тағы бір қазақстандық Александр Ким (69 келі) қоссайыс қорытындысы бойынша 312 (142+170) келі көтеріп, 6-шы орын алды.
Айта кетейік, бүгін жарыс жолына 77 келіде Айдар Қазов пен Батыр Асраров, ал 85 келіде Ермек Өміртай мен Семен Линдер шығады.