Бүгінгі жаһандану ғасырында, ғаламдық құндылықтарға қауіп төніп отырған сындарлы уақытта жастар тәрбиесі өзектілігін жоғалтпайтын тақырып. Ал, қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – жастардың діни сауаттылығы.
Дәстүрлі дініміз Исламда жас ұрпақтың санасына ізгіліктің дәнін сеуіп, жеткіншектерді атаның баласы емес, адамның баласы болуға баулу айрықша маңызға ие.
Қазіргі таңда қоғамның тұрмыс-салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтарлықтай өсті. Халықтың әртүрлі топтар өкілдерінің рухани, соның ішінде діни өмір салтына деген қызығушылығы артуда.
Осы мәселе аясында ой өрбітуге бүгін 12:40-та «Иман айнасы» хабарына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті философия кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы Кеңшілік Тышхан және діни ахуалды талдау және мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкері, саясаттану магистрі Еркеш Қожбанхан қонақта болмақ.