«Меніңше, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымын кіруі осы елдің сауда әріптестерімен қарым-қатынасты нығайтады. Түптеп келгенде ДСҰ-ға кіру тек сауда-саттық мақсаттағы қарым-қатынастарды жеңілдетіп қана қоймай, қазақстандық бизнеске халықаралық стандарттарды қолдану мен халықаралық деңгейдегі талап бойынша жұмыс істеуге қосымша мүмкіндік береді»,-деді ХВҚ-ның өкілі.
Оның сөзінше, ДСҰ-ға кіру әртараптандырылған заманға сай экономика қалыптастырудың бір бөлігі ғана.
Total.kz агенттігінің хабарлауынша, осылайша, Қазақстанның өзге мемлекеттермен және өңірлермен сауда-қаржылық қатынастарды жетілдіре түсуіне зор мүмкіндік тумақ.