Еске сала кетейік, «BusLane» жобасының мақсаты - жолаушылар үшін ыңғайлы жағдай жасау, қоғамдық көлік қозғалысына басым назар аудару.
Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы, «Астана ЛРТ» ЖШС «СМЭУ-Алматы, Астана» ЖШС мердігер компаниясымен бірлесіп, ҚР жолда жүру ережелерінің талаптарына сәйкес, жол белгілерін, ақпараттық панно орнату бойынша жұмыстар атқара бастады.
Қосымша белгіленген жолақтар Кравцов көшесінде Пушкин көшесінен Таха Хусейн көшесіне дейін, Мұңайтпасов көшесінде Тәуелсіздік көшесінен Абылайхан көшесіне дейін және Сығанақ көшесінде Бейсекова көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейінгі аралықта пайда болады.
Бірінші учаскенің ұзындығы 0,92 км. Бұл жермен 10 бағыт, 2 мың 159 автобус өтеді. Екінші учаскенің ұзындығы 1,59 км. Ол бойынша 14 бағыт өтеді. Бұл шамамен 2 мың 525 автобус. Үшінші учаскенің ұзындығы 6,65 км. Бұл жермен 7 бағыт, 1 мың 321 автобус өтеді.
Атап өту керек, аталмыш жолақ арқылы жүру қоғамдық көліктерден өзге тек қана жедел қызмет көліктеріне жүруге болады. Жаңа тәртіптің сақталуын жол полициясы мұқият қадағалайды.