Функционалды көпсайыс бойынша ерлер мен әйелдер арасында сайыс өтеді. Екі күнге жалғасатын іріктеу кезеңдері өтіп, ҚР Конституциясы күні, 30 тамызда «Студенттік» саябағында финалдық бәсеке өтеді, деп жазады astana.gov.kz сайты.
Чемпионаттың мақсаты – елорда тұрғындары арасында спортты насихаттап, тарату, ҚР Конституциясы күніне мерекелік көңіл күй сыйлау, жастарды белсенді демалысқа тарту, астаналықтардың дене дайындық деңгейін арттыру болып табылады.
Кроссфит – жоғары қарқынды, үнемі өзгеріп тұратын жаттығулар қатарына негізделген фитнестің бір бағыты. Ол – гимнастика, ауыр атлетика, жеңіл атлетика, гір спорты қатарлы спорт түрлерін біріктіреді. Осылайша, адам ұзақ уақыт жұмысқа шыдамды бола алады, бұл жан-жақты физикалық дайындықты анықтайды.
Сонымен қатар, шара аясында концерттік бағдарлама мен бұқаралық спорттық флешмоб – берпи жаттығуын топпен жасау өтеді.