Электронды сигареттер балалардың өмірі үшін өте қауіпті болуы мүмкін - ғалымдар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Электронды сигареттер балалардың өмірі үшін өте қауіпті болуы мүмкін - ғалымдар

29.08.2015
Электронды сигареттер балалардың өмірі үшін өте қауіпті болуы мүмкін - ғалымдар

Бұл мәселе бойынша зерттеу жүргізген ғалымдар темекіні шегушілердің оны сақтау ісіне тым немқұрайлы қарайтындығын айтуда. Осы мәселе жөніндегі мақала Academic Pediatrics журналында басылды.

Зерттеу жұмыстарына кішкентай балалары бар 658 адам қатыстырылған. Сауал жүргізілгендердің 36 пайызы электронды сигареттерді балалардың қолы жететін жерлерге қоя беретіндіктерін мойындаған. Өйткені олар мұндай сигареттер балалар үшін қауіпті деп есептемейді.  Ал осы азаматтардың 3 пайызы электронды темекінің сұйықтығын балаларының  ішіп алмақ болған кездері болғандығын айтқан.

Ғалымдардың айтуларынша, электронды сигареттерге арналған сұйықтық никотин мен дистилирленген судан, глицерин мен промиленгликолдан тұрады. Зертеушілер мұндай сұйықтықтың шәйға арналған бір қасығының кішкентай балалардың өмірі үшін аса қауіпті болуы мүмкіндігін алға тартады. Ал, аталған сұйықтықты сәбилер аз ғана ішкен күннің өзінде олардың қатты уланып қалу қаупі бар.  

Сондықтан да, ғалымдар электронды сигарт шегетін ата-аналарға оларды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтауға кеңес береді. Өйткені, темекіге қосылған заттардың жұпар иісі балаларды еріксіз өзіне тартады.

 

Хабарламаларға жазылу