Астанада Біріккен Араб Әмірліктерімен бірлескен мектеп құрылысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Біріккен Араб Әмірліктерімен бірлескен мектеп құрылысы басталды

28.08.2015
Астанада Біріккен Араб Әмірліктерімен бірлескен мектеп құрылысы басталды

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков Шейх Халиф бен Зайд Аль Нахайян атындағы мектеп құрылысын бастау рәсіміне қатысты. 1200 орынға лайықталған орта мектеп Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің ортақ жобасы.

«Біріккен Араб Әмірліктерінің Астанада жаңа білім беру мекемесін салу сияқты әлеуметтік жобаны қаржыландыруы екі ел арасында қалыптасқан серіктестіктің жоғары екенін көрсетеді. Бұл, ең алдымен, екі ел басшыларының өзара сенімге құрылған қарым-қатынасы негізінде мүмкін болып отыр», - деді қала басшысы.

Мектеп БАӘ тарапынан бөлінетін қаржыға салынады. БАӘ жалпы инвестициясы 13 миллион АҚШ долларын құрайды. Атап өту керек, Астана білім мекемелерін салу және тапсыру бойынша елімізде алдыңғы қатарда келеді, деп хабарлайды Ақорда әкімдігі.

 

Хабарламаларға жазылу