Жыл басынан бері еңбек инспекторлары жалақы бойынша қарыздары бар мекемелерге 92,5 млн теңге көлемінде айыппұл салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері еңбек инспекторлары жалақы бойынша қарыздары бар мекемелерге 92,5 млн теңге көлемінде айыппұл салды

27.08.2015
Жыл басынан бері еңбек инспекторлары жалақы бойынша қарыздары бар мекемелерге 92,5 млн теңге көлемінде айыппұл салды

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары жалақы бойынша қарыздары бар мекемелердің басшыларына 1 мың 98 міндетті түрде орындауды қажет ететін талап қойған. Ал, әкімшілік айыппұлдар көлемі 92,5 млн теңгені құрады.

Жалпы алғанда, жалақы бойынша мемлекеттік инспекторлар тарапынан анықталған қарыздар 4 млрд. 86 млн теңгені құрады Бұны 902 мекеменің басшылығы 31,4 мың адамға жалақы ретінде төлеулері қажет болатын.    

Дағдарысқа қарсы штаб өкілдерінің 21-тамыздағы мәліметтері бойынша, республикада    3-айдан астам уақыт жалақы төлемей келген 17 жұмыс беруші тіркелді. Олардың  847 азаматқа қарыздары 222,9 млн теңгені құрайды.  

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тұрақты түрде еңбек жанжалдарының туындауына, жұмысшыларды негізсіз босату мен қысқарту, олардың жалақыларының уақытылы төленуіне тұрақты мониторинг жүргізіп отыр.

Қандай да бір заңбұзушылықтар анықталған  жағдайда олар бойынша жедел шаралар қарастырылады.

Хабарламаларға жазылу