Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекеттеріндегі жағдай тұрақты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекеттеріндегі жағдай тұрақты

25.08.2015
Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекеттеріндегі жағдай тұрақты

Бұл туралы Қырғызстанның Экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Баспасөз мәліметтері бойынша, өткізу, тіркеу бекеттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.  Шекарада ұзын-сонар кезек жоқ, көліктер кептелісі де байқалмайды.

Қырғызстанның көші-қонды бақылау қызметі екі елдің шекарасы мен «Манас» халықаралық әуежайының, Ош қаласының әуежайына арнайы кезекшіліктер ұйымдастырып, кезекшіліктегі азаматтарға тиісті ақпараттандыру материалдарын таратып берген. Сондай-ақ осы сияқты нысандардағы кезекшілік кестесі бекітілген. 

Кезекшіліктер ұйымдастырылғалы кезекшілерге көмек сұрап  680 адам қайырылған. Олар көбіне елге келуге рұқсат мерзімі, еңбек мигранттарының құқықтары, мектепке дейінгі мекемелер туралы және еңбек мигранттарының білім алу мәселелері бойынша сауалдар қояды, деп жазады kabarlar.org.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу