2015 жылы бұрын сотталған 891 адам жұмыспен қамтылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлім етті.жұмыспен қамту, квота,
Ол келтірген мәліметтер бойынша, биылғы жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша бұрын сотталған 750 адам, «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы аясында 141 адам жұмыспен қамтылған.
Вице-министр сонымен қатар, аталған санаттағы заматтардың жұмыспен қамту мақсатында жергілікті атқарушы органдар жұмыс орындарын квоталауды қажеттілігіне қарай жалпы жұмыс орындарының 0,3 пайызынан, 0,5 пайызына дейін арттырды.
Квоталардың басым бөлігі Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Қостанай, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарына тиесілі болып отыр. 2014 жылы осындай квоталар аясында 714 адам жұмыспен қамтылған. Ал биылғы жылдың басынан бері бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан 601 адам жұмысқа тұрды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қзыметі.