Мейрамханаға қалай киініп барған дұрыс? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мейрамханаға қалай киініп барған дұрыс? (ВИДЕО)

25.08.2015
Мейрамханаға қалай киініп барған дұрыс? (ВИДЕО)

Бүгінде әрбір қуаныш иесі шаттыққа толы күнін мейрамханада атап өткенді жөн санайды. Ал, мұндай орында отыру, тамақтану мәдениетін білген жөн. 

Ең бірінші, киіну мәдениетіне мән беріңіз. Джинсы және спорттық киімдер өте ерсі көрінеді. Сондықтан, барынша классикалық немесе кэжуал стилінде киініңіз.

Отыру тәртібіне де мән беріңіз. Алдымен қыз баланы жайлы орынға жайғастыру керек. Ал, жігіттің оның оң жағынан немесе қарама-қарсы отырғаны абзал. 

Мәзір берілгенде жауапкершілікті жігіт мойнына алады. Мұндай кезде қаржылық мүмкіндігіңізге қарап қойыңыз. Сондай-ақ, екеуіңізге де ұнайтын асқа тапсырыс беріңіз.

Әңгіме барысында ыдыстың таза еместігіне көзіңіз түссе, оны сол жерде өздігіңізше тазалап, жағымсыз эмоцияңызды шығарудан аулақ болыңыз. Осы жағдайға байланысты даяшыға дөрекілік таныту да - әдептілік емес. Сыпайы ғана ескертсеңіз жеткілікті. 

Ал, қыздар қандай қағидаларды есте ұстағаны жөн? «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу