Солтүстік Корея 50 сүңгуір қайығын шығарып, артиллерияны екі есеге арттырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея 50 сүңгуір қайығын шығарып, артиллерияны екі есеге арттырды

24.08.2015
Солтүстік Корея 50 сүңгуір қайығын шығарып, артиллерияны екі есеге арттырды

Оңтүстік Корея ҚХДР-дың 70 сүңгуір қайығының 50-і базадан шығарылған және олардың қайда жүргендігі белгісіз. Бұл туралы Корея Республикасы әскерінің өкілі журналистерге берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды Ренхап агенттігі.

«ҚХДР-дің сүңгуір қайықтарының 70 пайызы базаларынан шығып кеткен, алайда олардың қайда екені белгісіз»,- дейді әскер өкілі.    

Оның сөзінше, Пхяньянның бұл әрекеті Сеулмен арадағы шиеленісті әскердің күшімен шешуге бейім екендігін көрсетеді, ал бұл уақытта Корей жартылай аралындағы шиеленісті жағдайды қалай сейілтуге болады деген мәселе төңірегінде келіссөздер жүріп жатыр.   

Сонымен қатар, Корея  әскерінің өкілі ҚХДР-дің Кореямен арадағы шекарада артиллерия санын арттырғандығын айтып отыр.   

Өткен бейсенбіде Корея мемлекеттерінің арасындағы демелитаризацияланған аймақта қарулы қақтығыс туындады, оны екі тарап та бір-біріне деген арандатудың салдары деп бағалап отыр.  

Оңтүстік Корея президенті Пак Кыг Хе Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел мәжілісін өткізді және ел әскері жоғары әскери дайындыққа келтірілді.

Ал солтүстік Корея болса, екі елдің шекарасында орналасқан оңтүстік кореялық дыбыс үдеткіштерін шабуылдауға дайын екендіктерін білдірді. Ол құрылғылар араға 11 жыл салып барып, мемлекет билігінің бұйрығымен іске қосылды. Оңтүстік Корея мұндай қадамға демелитаризацияланған аймақта екі жауынгердің минаға жарылып мерт болғанынан кейін барды.

 Бұған қоса, 17- тамыз күні АҚШ пен Оңтүстік Корея бірлескен әскери жаттығуларын бастады. Пхеньян бұл шараларды басып кіруге деген дайындық деп бағалап отыр.

 

 

Хабарламаларға жазылу