КХДР десант флотын Оңтүстік Кореяға бұрды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

КХДР десант флотын Оңтүстік Кореяға бұрды

24.08.2015
КХДР десант флотын Оңтүстік Кореяға бұрды

ҚХДР Оңтүстік Корея жағына арнайы десант кемелерін жіберді. Бұл туралы Ренхап агенттігі хабарлайды.  
10-ға жуық солтүстіккореялық десант кемелері Солтүстік Пхеньян провинциясындағы Чолсан әскері бекетінен шықты. Агенттік өзінің ақпарат көзіне сүйене отырып, десант кемелерінің шекарадан солтүстік бағыт бойынша 60 километр қашықтықта орналасқан әскери-теңіз базасына бағыт алғандығын жазады.   
 
Осыған дейін ҚХДР-дің Кореямен шекарада артилерия санын арттырып, сүңгуір қайықтарының  70 пайызын Сеулге қарсы шығарғандығы айтылған.
 
Естеріңізге сала кетейік, ҚХДР мен Оңтүстік Корея бір-біріне артилериядан дүркін-дүркін оқ атты.  Солтүстік Корея өзіне қарсы үгіт-насихат жүргізген оңтүстіккореялық дыбыс күшейткішті атып түсірді. Оға жауап ретінде Оңтүстік Корея 155-милиметрлік артилериядан оқ атты.  
 
Жуырда екі елдің лауазымды тұлғалары бір-бірімен келіссөздер жүргізген болатын. Бірақ, ол нәтижесіз болып шықты.
 

Хабарламаларға жазылу