Day.Az агенттігінң хабарлауынша, мигранттар адамдарға лық толған 18 қайықпен Еуропаға өтпек болған. Оларды құтқару шарасына 7 кеме жұмылдырылған, олар жайсыз хабарды естіген соң бірден теңізге шығып, адамдарды іздестірген.
Қайықтарда нақты қанша адам болғаны әзірге белгісіз және мерт болған адамдлар туралы да деректер жоқ.
БҰҰ-ның мәліметтерінше, 2015 жылы Жерорта теңізінде 1 мың 800-ге жуық мигрант суға батып кеткен.
Мигранттармен байланысты жағдай соңғы айларда біршама шиеленісіп отыр. ЕО-тың ресми өкілдерінің мәліметтерінше, Еуроодақтың маңында жиналып қалған көшіп-қонушылардың саны шілдеде рекордтық көрсеткіш 107 мың 500 адамға жеткен.
Бұл 2008 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Тек Германияның өзінде ғана саяси баспанадан үмітті босқындар саны 750 мың адамға жетуі мүмкін.
Осыған дейін Германияның шығысында полииця мен босқындарды қабылдайтын орталық ашуға қарсылық білдірген белсенділер арасында қақтығыс болғандығы хабарланған болатын.
Мигранттармен байланысты жағдай Македонияда да ушығып отыр.