Оның сөзінше, өңірде 11 шағын аудандағы «Ынтымақ» алаңында жергілікті тамақ өндірушілерінің жәрмеңкелері ашылады. Олар 10:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
«Азық-түлікті қолжетімді бағаға жай күндері де сатып алуға болады. Аймақтың барлық кәсіпкерлері бізді қолдап, жәрмеңкеге қатысуға келісімін бергенін атап өткім келеді. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы да өз өнімдерін ұсынады», - деді Бисенғали Кенжалиев.