Бүгін Brent маркалы мұнай құны барреліне 48,6 долларға, яғни 0,43 пайызға төмендеді. WTI мұнайы бойынша қазандағы фьючерстер құны барреліне 42,49 немесе 0,31 пайызға түсті.
Инвесторлардың көңіл күйлеріне шілде айында онсыз да рекордтық көрсеткіш - тәулігіне 4,18 миллион баррельге жеткен мұнай өндіру көлемін одан сайын арттыра түсемін деген Ирактың жоспары кері әсер етіп отыр.
Бұған қоса, Ангола қазан айында әлемдік нарыққа күніне 1,83 миллион баррель мұнай шығаруды ойластыруда. Бұл 2011 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Қыркүйек айында тасымалдар көлемі тәулігіне 1,77 миллион баррельге жеткізілуі керек.
Бұған қоса, АҚШ-тың Энергетика министрлігі елдегі мұнай қорының көлеміне қатысты апталық мәліметтерді жария етпекші. Сарапшылардың болжамдарынша, өткен аптада көрсеткіш небәрі 777 баррельге қысқарған. Бұл өткен жылдың маусымынан бергі ең төменгі көрсеткіш, деп жазады bin.ua