Қазір «Иненг» Кагаян провинциясынан 920 шақырымдық қашықтықта. Желдің ұйытқуы секундына 50 метр, ал жел эфпицентрінде секундына 60 метр.
Мамандардың айтуынша, тайфун секундына 7 метр жылдамдықпен қозғалуда және уақыт өткен сайын ол күшейіп келеді. Алайда әзірге тропикалық циклонға ең қауіпті «супертайфун» дәрежесі берілменегн.
Осыған қарамастан, елдің астанасы Манила мен халықы көп шоғырланған Кесон қаласы бар Лусон аралында келесі аптаға дейін толассыз жаңбыр жауып, жел соғады деп жоспарланған. Кей аудандарда сел жүру қаупі бар.
Синоптиктердің болжамынша «Иненг» (халықаралық атауы – «Гони») апта соңында Филиппин аумағынан Қытайдың оңтүстік-шығыс аймағына, оның ішінде Тайвань аралдарына ойысады.