Астана қалалық білім басқармасы Конституцияның 20 жылдығына орай кешенді түрде атап өтуде жоспарлап отыр. 20 жылдық аясында қаланың барлық мерекелік шаралар өтеді.
Елорда әкімдігі жариялаған ақпараттарға сүйенсек, биылғы жылдың 2 қыркүйегінде қаланың барлық мектептерінде «Біз – Қазақстан Республикасының азаматтарымыз» атты ашық сабақ өтеді. Сондай-ақ «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» тақырыбында дөңгелек үстел, патриотизм сабақтары өтеді. Жыл бойы елорда мектептері мен колледждері арасында «Біз – Қазақстанның болашағымыз» спартакиадасы ұйымдастырылады. .
Бұдан бөлек, 3 және 4 қыркүйек күндері «Конституция – Қазақстан тұрақтылығының кепілі» тақырыбында сурет сайысы ұйымдастырылып, «Адам және заң» суретшілер сайысы өтеді. 12 қыркүйек күні оқушылар арасындағы спорттық шаралар ұйымдастырылады.