Қызылорда облысынан елімізде заңсыз жүрген 228 шетелдік анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысынан елімізде заңсыз жүрген 228 шетелдік анықталды

18.08.2015
Қызылорда облысынан елімізде заңсыз жүрген 228 шетелдік анықталды

Аталмыш шара барысында барысында Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзған 228 шетелдік анықталды.

Олар бойынша, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабына сәйкес, заңнама талаптарын орындамаған 25 жұмыс берушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды.

2015 жылдың 14-тамызы күні полиция қызметкерлерімен жүргізілген арнайы шолу жұмыстарының барысында 21-шілдеде өзінің жеке мақсатымен келген Түркия Республикасы азаматының құжаттары тексерілген кезде оның Қазақстан аумағына келгеннен кейін ішкі істер органдарына 5 күнтізбелік күн ішінде уақытша тіркеуге тұрмағаны анықталды.

Аталған дерек бойынша арнайы хаттама толтырылып, ол қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Сот қаулысымен шетелдік азамат «кінәлі» деп танылып, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге жазаланды, деп хабарлайды ОІІД баспасөз қызметі. 

Хабарламаларға жазылу