«Отар» 40-шы әскери базасында өтіп жатқан достас армиялардың әскери қызметшілері арасындағы әскери-кәсіби шеберлікті айқындайтын «Достастық жауынгері» VII халықаралық байқауының алғашқы сайыс қорытындысы бойынша қазақстандық әскери қызметшілер бірінші орынды жеңіп алды.
«Кәсіпқой», «Атлет», «Эрудит» сайыстарының қорытындылары бойынша АРД кедергі жолағын игеруден, Ф-1 гранатасын дәл лақтырудан және дене даярлығынан машықтанған дағдыларын көрсеткен әскерилер арасында Қазақстан армиясының әскери қызметшілері үздік нәтижелер көрсетті.
Бүгін 6 елдің әскери қызметшілерімен 100 метрге жүгіру жарысы, күштік жаттығулар, АК-74 қалыпты ұрыс күйіне келтіру және оның тексеру, әскери-спорттық атыс, жалпы әскери қорғаныс кешенін кию, сондай-ақ суық қаруды лақтыру және нысананы көздеу жарыстары өтеді.
Естеріңізге сала кетсек, достас армиялардың әскери қызметшілері арасындағы әскери кәсіби шеберлікті айқындайтын «Достастық жауынгері» атты халықаралық байқау ТМД елдерінің Қарулы Күштерінің базасында жыл сайын өтеді.