Саққұлақ бидің «Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ар сақтау, бәрінен ардақтысы – өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі – сыйластық», деген аталы сөзі бар.
Осы қасиеттерді бағалай білгендер ғана үлгілі отбасы бола алады. Талай жыл өтсе де, бір-біріне деген сыйластығы үзілмеген жандар бар. Керісінше, жылдар бойы қол ұстасып, өмірдің ыстық-суығына бірге төзіп келсе де, бір-бірінен суынып кеткен отбасылар да жоқ емес.
«Әйел бақытының» бүгінгі кейіпкері - күйеуіне көңілі толмайтын, «назарынан тыс қалған» келіншек. Талай уақыт жарасып келген жұпты ажырасудан аман алып қалудың жолдары сарапшылар кеңесінде. Бүгін 15:00-де Ұлттық арнадан көріңіз.