Өскемен қаласындағы жастар бүгінгі сайлауға белсенді қатысып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемен қаласындағы жастар бүгінгі сайлауға белсенді қатысып жатыр

09.06.2019

Дауыс беру арқылы өз болашағым мен ел келешегінің бағдарын айқындаймын.Олардың арасында бүгін шаңырақ көтеріп жатқан жас жұбайлар да бар. Шығыс өңіріндегі меншікті тілшіміз Берік Көшербайды тыңдайық.

Бүгінгі саяси шарада Шығыстағы жастардың белсенділігі әдеттегідей өте жоғары. Олардің көбі таңмен таласа тұрып, осы уақытқа дейін өз таңдауларын жасап үлгерді. Дәл қазір Өскемендегі № 66 сайлау учаскесіне дауыс беру үшін жас жұбайлар да келді. Эльдар мен Динара үшін бүгін ерекше күн екені сөзсіз. Жастар журналистермен де сөйлесіп, сұрақтарына жауап берді.

Эльдар Майданбеков, қала тұрғыны:

Бүгін біз үшін өте ерекше күн. Біріншіден, біз бүгін отау құрып, неке қиып жатырмыз. Екіншіден, бүгін сайлау күні. Үшіншіден, бүгін біздің Қазақстанның боксшысы Генадий Головкиннің жеңісі. Осы күні алдын ала неке қию рәсімін белгілегеннен кейін сайлау 9-шы маусымда деп тағайындалды. Содан өзіміз өте қуанып қалдық, осы күні сайлауға да барамыз, некемізді қиямыз деп.

Жалпы, Шығыс Қазақстандағы электораттың басым бөлігі өз таңдауларын түске дейін жасап үлгерді. Дегенмен, сайлау учаскілеріне адамдар әлі де келіп жатыр. Қала тұрғындары сайлауға белсене қатысып, азаматтық ұстанымдарын көрсетуде. Көпшілік елдің тұтастығы мен тұрақтылығы үшін, бірлік пен ынтымақ үшін дауыс беріп жатқандарын айтуда.

 

Хабарламаларға жазылу