«Астана балет» театры Оңтүстік Қазақстан облысына гастрольдік сапармен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана балет» театры Оңтүстік Қазақстан облысына гастрольдік сапармен барды

03.10.2015
«Астана балет» театры Оңтүстік Қазақстан облысына гастрольдік сапармен барды

«Шығыс рапсодиясының» өзегі - қазақ билері.  Сонымен қатар оған әлем халықтарының билері мен ұлттық тақырыптағы бір актілі балеттерден үзінділер енген. Хореографиялық туындыда Евгений Брусиловский, Қуат Шілдебаев, Римский-Корсаков секілді сазгерлердің туындылары пайдаланылған.

Театр ұжымы әлемнің көптеген әйгілі сахналарында өнер көрсетіп үлгерген. Көрерменді қазіргі заманғы хореография және  классикалық үздік мұраларымен таныстыруды мақсат еткен өнер ұжымының гастрольдік сапары өзге өңірлерде де жалғасын таппақ.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу