Қытайдың ұлттық валютасы бүгін долларға шаққанда рекордтық мөлшерге дейін төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың ұлттық валютасы бүгін долларға шаққанда рекордтық мөлшерге дейін төмендеді

11.08.2015
Қытайдың ұлттық валютасы бүгін долларға шаққанда рекордтық мөлшерге дейін төмендеді

Қытайдың ұлттық валютасы долларға шаққанда 1,9 пайызға төмендеді. Бұл қаржылық қадам - 1994 жылдан бергі рекордтық өзгеріс, деп жазады РиаНовости.

Бүгін Қытай Орталық банкіндегі юанның долларға шаққандағы айырбас бағамы 6,2298 юаньді құраған. Ал, бір күн бұрынғы көрсеткіш - 6,1162.  

Сарапшылар мұны Қытай валютасы құнының әлсіреу белгілері деп бағалауда.

«Юань бағамының бір күннің ішінде максималды мөлшерге дейін төмендеуі Қытай экономикасының  және экспорттың тежелуі жағдайында шикізат нарығына кері әсер етуші жаңа жаһандық үрдіс белгісі болуы мүмкін», дейді «Солид» компаниясының өкілі Олег Шагов.

Алайда, елдің Орталық банкі бұл бір реттік қадам екенін мәлімдеді. 

Хабарламаларға жазылу