Халық судьясы Х.Жақыповтың 100 жылдығына арналып конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық судьясы Х.Жақыповтың 100 жылдығына арналып конференция өтті

11.08.2015
Халық судьясы Х.Жақыповтың 100 жылдығына арналып конференция өтті

Батыс Қазақстан облысында «Сот жүйесіндегі рухани өзгерістердің тереңдеуі – ұлт дамуының жаңа кезеңі»  атты тақырыпта конференция өтті. Іс-шара Қазақ ССР-нің құрметті заңгері Хаби Жақыповтың туғанына 100 жыл толуына арналды. 

Ол 50 жыл сот жүйесінде еңбек етіп, соның ішінде 20 жылын Казталов аудандық сотының төрағалық қызметін атқарған, делінген Жоғарғы сот таратқан мәліметтерде.

Конференция жұмысын аудан әкімі Н.Бекқайыр жүргізді. Іс-шараға Батыс Қазақстан облыстық сотының әкімшілік және азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Б.Бегалиев, Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Х.Аманқұлов, аудандық сотының судьялары, прокуратура, АІІБ және басқа да мекемелердің өкілдері, ардагерлер және Хаби Жақыповтың достары Ж.Сарсембиев, Т.Дүйсенов, И.Құтхожин қатысты.

Х.Жақыповтың өмірі мен қызметі туралы Казталов аудандық сотының төрағасы Е.Төлеуов баяндама жасады.
Конференция барысында Б.Бегалиев алдағы болатын соттардың жұмысы мен сот жүйесіндегі өзгерістер, сондай-ақ сот жүйесіндегі жаңа ақпараттық технологиялар туралы хабарлады.

Б.Бегалиев аудандық мәдениет үйіне және Хаби Жақыповтың туыстарына сыйлық ретінде Батыс Қазақстан облыстық соты шығарған облыс соттарында жұмыс жасаған соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған кітапты табыс етті.

Хаби Жақыповтың достары - ардагерлер Ж.Сарсембиев, Т.Дүйсенов, И.Құтхожин халық судьясының өмірі мен қызметіне қатысты естеліктерімен бөлісті.

Хабарламаларға жазылу