Демалыс күндері Елорда саябақтарында спорттық шаралар өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Демалыс күндері Елорда саябақтарында спорттық шаралар өтеді

09.08.2015
Демалыс күндері Елорда саябақтарында спорттық шаралар өтеді

8, 9 тамыз күндері Елордада  қол күрес пен гір көтеру бойынша сайыстар өтіп, волейбол ойындары мен көңілді старт ұйымдастырылады. Ондағы мақсат – қала тұрғындары мен қонақтарының бұқаралық демалысын қызықты өткізу, халықты  салауатты өмір салтына бейімдеу.

«Жерұйық», «Арай», «Студенттік» және «Ғашықтар» саябақтары барлық астаналықтарды  сағат 18:00-20:00 аралығында өтетін көңілді стартқа шақырады, дәл осы уақытта «Астаналық» саябағында гір көтеру мен қол күресінен ойындар көрсетіледі.

Сондай-ақ,  «Отан қорғаушылар алаңында» сағат 18:00-20:00 аралығында ролик тебу ұйымдастырылса, «Президенттік» саябағында волейбол ойыны болады.

Хабарламаларға жазылу