Әділбек Жақсыбеков: Наурыз мейрамы аясында Астанада 70-тен астам шара өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әділбек Жақсыбеков: Наурыз мейрамы аясында Астанада 70-тен астам шара өтеді

14.03.2016
Әділбек Жақсыбеков: Наурыз мейрамы аясында Астанада 70-тен астам шара өтеді

Биыл демалыс және мереке күндері наурыздың 19-нан 23-не дейін жалғасады. Сондықтан, елордалықтардың демалысына және қоғамдық қауіпсіздікке баса назар аударылатын болады. Қалада Наурыз мейрамы 14 жерде аталып өтеді.

Басты шара 21 наурызда «Сарыарқа» республикалық велотрегінде ұйымдастырылады. Сондай-ақ, «Астана Арена» стадионының алдындағы алаңда халықтық серуен өтіп, этноаул ашылады.  Аталған мейрамға орайластырылған шаралар «Қазақ елі» және «Бәйтерек» монументтерінің алдындағы алаңдарда, Қалалық алаңда, «Студенттік» және «Жерұйық» парктерінде де өтеді.

Мерекелік бағдарлама аясында концерттік бағдарламалар, спорттық жарыстар өткізіліп, киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар орнатылады, ұлттық тағамдар ұсынылады. 

Астана әкімдігі сайтынан.

Хабарламаларға жазылу