6 тамызда Астанада ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінде баспасөз конференциясы өтеді.
Онда тарифті реттеу шараларын бақылау, республика азаматтарының экономикалық құқық бұзушылықтары туралы ақпарат қабылдауға арналған WhatsApp қосымшасындағы МКК ресми нөмірінің қосылу нәтижелері тақырыптары қозғалмақ.
Шараға МКК-нің ресми өкілі, Даму және модернизация департаменті Жобалар және модернизация басқармасының жетекшісі Жамбыл Сұрағанов, Кедендік бақылау департаменті Кедендік бақылау ұйымы басқармасы жетекшісінің орынбасары Николай Марусич қатысады.