Павлодар облысында мәдениет саласының қызметкерлеріне 72 пәтерлік тұрғын үй салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында мәдениет саласының қызметкерлеріне 72 пәтерлік тұрғын үй салынады

03.08.2015
Павлодар облысында мәдениет саласының қызметкерлеріне 72 пәтерлік тұрғын үй салынады

Павлодар облысында мәдениет саласының қызметкерлеріне 72 пәтерлік тұрғын үй салу мақсатында жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу үшін мемлекеттік қазынадан 7,8 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы агенттіктің жолдаған ресми сауалына облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Айнұр Сәрсенбаева мәлім етті.

Бүгінгі күні басқарма мәдениет саласының 20-ға жуық астам қызметкеріне баспана жалдап, тұрғын үймен қамтамасыз етуде.

«Өткен маусымда А. Чехов атындағы облыстық орыс драма театры және Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық-драма театры тапқан табыс толығымен жаңа қойылымдар мен актерлердің еңбекақысына жұмсалды», - дейді Айнұр Сәрсенбаева.

Жаңа театр маусымында А. Чехов атындағы облыстық драма театрының актерлер құрамы толықтырылады. Новосібір және Екатеринбург қалаларындағы Ф. Қамзин және Ю. Захарчук атындағы театр өнері институттарының түлектері Павлодар өңіріне еңбек етуге келуді жоспарлануда.

Айта кетерлігі, Павлодар облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының мемлекеттік желісінде 551 мәдениет мекемесі бар. Оның ішінде 282 кітапхана, 235 клуб мекемесі, 17 жылжымалы мәдени-сауық кешені, 13 мұражай, екі театр, бір мәдениет және демалыс саябағы, бір филармония жұмыс істейді.

 

Хабарламаларға жазылу