Бүгін «Қызыл сарайдағы түс» телехикаясы эфирге шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Қызыл сарайдағы түс» телехикаясы эфирге шығады

03.08.2015
Бүгін «Қызыл сарайдағы түс» телехикаясы эфирге шығады

«Қызыл сарайдағы түс» – 18 ғасырда жазылған  роман. Оның желісінде түсірілген аса күрделі  телехикая Цин династиясы кезеңіндегі тұрмысты баяндайды.

Фильм атауының қос  мағынасы  бар. Бірі  - «Қызыл сарай» бұл – ақсүйек әулеттердің қыздары өмір сүретін жер болса,  екінші мағынасы 5-ші бөлімде  басты рөлдегі кейіпкер Баоюй көретін түс. Яғни, оның түсінде біраз кейіпкерлердің тағдыры осы «Қызыл сарайда» шешіледі.

Телехикая 2010 жылы Азиядағы телетуындылардың көрсетілімі бойынша үздік атанды.  50 бөлімдік  туындыға 40-қа жуық бас кейіпкер және 500-ге жуық қосымша кейіпкер түскен.

«Қызыл сарайдағы түс» телехикаясын дүйсенбі-жұма күндері Ұлттық арнадан сағат 19:35-те тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу