Туристер, альпинистер мен қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен БАҚ қызметкерлері «Бұл – біздің тау!» фестиваліне қатыспақ.
Екі күндік сапар кезінде жолаушылар тарихы тереңде жатқан «Сайрам-Өгем» ұлттық саябағын тамашалуға мүмкіндік алса, тілшілер тобы қорғауға алынған мемлекеттік саябақтың бар кереметін паш етпек.
Шара аясында түрлі байқаулар ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтеді деп жоспарлануда.